Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда 6 км су құбыры желісі ауыстырылды

Жыл басынан бері Петропавлда 6,2 шақырым су құбыры желісі ауыстырылды. «Қызылжар су» ЖШС ақпараты бойынша, инфрақұрылым энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртудың Ұлттық жобасы аясында жаңартылуда.

Желілер жұмысының сенімділігін арттыру, қала тұрғындарына тұрақты және сапалы су беруді қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Сумен жабдықтаудың магистральдық желілерін реконструкциялаудың бес жобасы іске асырылатын болады. Екі негізгі кәріз коллекторларын қайта құру және суды есепке алудың жалпыүйлік аспаптары бойынша цифрландыру бойынша бір жоба іске аспақ. Жалпы сомасы – 23,6 млрд теңге.

Биыл қалада 6,2 шақырым су құбыры желісі ауыстырылды. Оның ішінде 3,5 км — 2026-2029 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында болып отыр. Бұл Павлов көшесіндегі диаметрі 900 мм су құбыры.

Жыл басында «Қызылжар су» ЖШС негізгі құралдарының тозу деңгейі сумен жабдықтау бойынша 56,7% және су бұру бойынша 60,8% құрады. 2026 жылғы жобалар аяқталғаннан кейін сумен жабдықтау желілері бойынша тозу 2,8% — ға төмендейді деп күтілуде.

Алдағы уақытта Ұлттық жоба бағдарламасы бойынша «Қызылжар су» ЖШС 2029 жылға дейін 30 шақырымнан астам инженерлік желіні ауыстыру жоспарланып отыр. Мақсаты – сумен жабдықтау желілері бойынша тозу деңгейін 49,8% — дан және су бұру желілері бойынша 58,2% — дан төмендету.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *