Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да 120 шетелдік дроппер анықталды

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері 120 шетелдік дропперді анықтады.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шетелдіктер Қазақстанда ЖСН алып, банк карталарын ресімдеп, деректемелерді үшінші тұлғаларға берген. Бұл негізінен Өзбекстан мен Қырғызстаннан екен. Біреуі Үндістан елінің азаматы болып шықты.

Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әлібек Қожахметов банктер, «Қазақтелеком» АҚ және «Қазпошта» АҚ өкілдерімен кездесті. Әңгіме өзегі – интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың жаңа шаралары.

Бастамалардың бірі – жедел ақпарат алмасу үшін WhatsApp-та топ құру. Егер банк қызметкері ықтимал алаяқтық белгілерін байқаса, олар бұл туралы полицейлерге хабарлай алады. Бұл жағдайды уақтылы тексеруге және адамға ықтимал қауіп туралы ескертуге мүмкіндік береді.

Топ сонымен қатар жаңа алдау схемалары туралы материалдарды орналастыруды жоспарлап отыр. Олар банк қызметкерлеріне күдікті жағдайларды тануға және клиенттерге тәуекелдер туралы ескертуге көмектеседі. Кездесудің тағы бір тақырыбы шетелдік азаматтарды алаяқтық схемаларда қолдану болды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *