Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Жол апаты: Көлік жүргізушісінің жағдайы тұрақты, жолаушының халі қыл үстінде

Тайынша ауданының Кременчуг ауылы маңында орын алған жол апатынан зардап шеккен тағы екі азамат ауруханаға жатқызылды. Еске салсақ, оқиға бүгін сағат 8:00-де тіркелді.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта ауруханаға жеткізілген екі адам ем-дом қабылдап жатыр. Көлік жүргізушісінің жағдайы тұрақты, миі шайқалып, бір өкпесіне зақым келген. Ал жеңіл көлікте болған тағы бір жолаушының жағдайы ауыр, тұрақсыз.

— Жолаушыда жабық бас миінің жарақаты мен ішкі органдарына зақым келген. Бұл науқас шұғыл отадан кейін реанимация бөлімшесіне жатқызылды. Екі зардап шеккен азамат дәрігерлер қарауында, — деді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Сайлауқызы.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *