Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Астанада СҚО-ның ауыл шаруашылығы өнімдері саудаланды

Өткен демалыс күндері Астана қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Сауда сөрелеріне облыстың тауар өндірушілері өз өнімдері ұсынды. Жәрмеңкеде өңіріміздің 1 мың тоннадан астам азық-түлік саудаланды. 

Елорда тұрғындары мен қонақтарына өңірдің 13 ауданы мен Петропавл қаласынан келген 110-нан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен өңдеуші кәсіпорын өз өнімдерін ұсынды. 

Солтүстікқазақстандық шаруалар елордаға мың тоннадан астам азық-түлік өнімін жеткізді. Атап айтқанда, жәрмеңкеде 110 тонна ет, 585 тонна картоп пен көкөніс, 44,5 тонна сүт өнімдері, 221 тонна ұн және макарон өнімдері, 22 тонна шұжық өнімдері, 120 мың дана жұмыртқа, сондай-ақ балық, бал және өзге де азық-түлік түрлері ұсынылған. Барлық өнім нарықтағы бағадан 10–15 пайызға төмен бағамен сатылды.

Более 1 тыс. тонн продукции привезли на столичную ярмарку аграрии СКО

Жәрмеңкеде өңірдің жетекші кәсіпорындарының өнімдері кеңінен ұсынылған. Олардың қатарында «Зенченко және К» КС, «Масло-Дел Петропавловск», «Саумалкөл SUT», «Сұлтан ЭММК», «Hikmet LTD», «ҚазЕтӨнім», «EMC Agro», «Северный Бройлер» және басқа да белгілі отандық өндірушілер бар. Келушілер сапалы әрі балғын азық-түлікті тікелей өндірушілерден сатып ала алады.

Аграрии СКО представили более тысячи тонн продукции на сельскохярмарке в Астане

Солтүстік Қазақстан облысы – еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі. Аймақ Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді. Осындай жәрмеңкелер отандық өнімдердің кең ассортиментін таныстырумен қатар, өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тікелей байланысты нығайтуға, өткізу нарығын кеңейтуге және елорда тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *