Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да жас полицейлер білімдерін саралады

Адам құқықтарын қалай қорғауға болады және өз еліңнің тарихын білу неліктен маңызды? Осы тақырыптар Республика күні қарсаңында Qyzyljar креативті орталығында бас қосқан Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің 30 жас қызметкерін біріктірді.

Кездесуге арнайы шақырылған БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының құқықтық мәселелер жөніндегі бас сарапшысы Мейрам Рахымбеков сөз сөйледі. Ол ұйымның қызметі және Қазақстанмен ынтымақтастығы туралы әңгімеледі. Мейрам Рахымбеков Қазақстанға келген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар көші-қон қызметінің мамандарына және көмек көрсеткен басқа да бөлімшелердің қызметкерлеріне алғыс білдіретінін атап өтті. Олардың қолдауының арқасында бұл адамдар елімізде алаңсыз өмір сүріп, еңбек ете алады. Қатысушылар төрт командаға бөлініп, «Менің Қазақстаным — Моя Республика» викторинасында білімдерін саралады.

Сұрақтар тәуелсіз Қазақстанның тарихына, мемлекеттік рәміздеріне, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлеріне арналды. Бірінші орынды «Достар» командасы иеленсе, екінші орын «Спартак» командасына бұйырды. Үшінші орынға «Әділет» командасы ие болды. Сайысқа «Абырой» командасы да қатысты.

Кездесуді СҚО ПД жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының қызметкерлері ұйымдастырды. Олардың айтуынша, командаларды кездейсоқ жасақтау әртүрлі бөлімшелерде қызмет ететін полицейлердің бір-бірімен жақынырақ танысуына және өзін бір ұжымның мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік береді. Мұндай шаралар командалық рух пен өзара қолдауды нығайтып, жарысқа деген қызығушылықты арттырады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *