Жарияланған күні: 19.10.2026
СҚО спортшысы жеңімпаз атанды
Ақтауда дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған Азияның ашық кубогы өтті. Бұл бәсекеде жерлесіміз Назгүл Маратова жеңіс тұғырына көтерілді.
Назгүл Маратова 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Оның салмағындағы қатысушылардың аз болуына байланысты теріскейлік жарысты бірден жартылай финалдан бастады.
Назгүл жартылай финалда қазақстандық спортшыдан үстем болды. Ақтық сында Әзербайжан елінен келген бұрымдыны жеңді. Айта кетейік, жерлесіміз қос қарсыласын да айқын басымдықпен жеңді.
Қоса кетейік, халықаралық турнир осымен сегізінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Назгүл Маратова осы жеңісінің арқасында рейтингтік ұпайларға ие болды.
Жарысқа 7 мемлекеттен 200-ге жуық спортшы қатысты.

