Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

20 солтүстікқазақстандық десанттық-шабуылдау бригадасына аттанды

Облыста 20 азаматты мерзімді әскери қызметке шығарып салу рәсімі өтті. Олар Алматы қаласындағы арнайы мақсаттағы десанттық-шабуылдау бригадасында қызмет етеді. Іс-шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты.

Өңір басшысы Отанды қорғау — абыройлы әрі жауапты міндет екенін атап өтті.

  • Бұл кездесудің мен үшін мәні ерекше. Өзім де әскери борышымды 38-ші жеке гвардиялық Брест-Вена Қызыл Тулы десанттық-шабуылдау бригадасында өтедім. Сондықтан әскердің адам мінезін шыңдап, жауапкершілікке, төзімділікке, қиын сәтте жолдасына сүйеу болуға үйрететінін жақсы білемін. Отанды қорғау — туған жерімізді, халқымыздың бейбіт өмірін, еліміздің тәуелсіздігін қорғау. Бұл — отбасымыздың амандығы, шаңырағымыздың тыныштығы, балаларымыздың болашағы үшін жауапкершілік алу деген сөз,- деді өңір басшысы.

Одан бөлек облыс әкімі ата-аналарға ұлдарына берген тәрбиесі үшін алғыс білдіріп, әскерге аттанған азаматтарға зор денсаулық, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *