Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Екі солтүстікқазақстандық Президент қолынан марапат алды

Мемлекет басшысының Жарлығымен екі солтүстікқазақстандық орденмен марапатталды. Қос азамат та ауыл шаруашылығында еңбек етеді.

СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, Есіл ауданындағы «Азия-Тарангул» ЖШС басшысы Петр Федорович Гольцер «Парасат» орденімен марапатталды. Ол ауыл шаруашылығы саласында 40 жылдан астам еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде қажырлы еңбегімен, елге деген қамқорлығымен туған өлкенің өркендеуіне елеулі үлес қосты.

Шал ақын ауданындағы «Пустыльников» шаруа қожалығының механизаторы Сергей Николаевич Пустыльников ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. Жалпы еңбек өтілі 47 жылдан асатын азамат 29 жылын ауыл шаруашылығы саласына арнаған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде оның жемісті еңбегін, өз ісіне адалдығын және кейінгі буынға мол тәжірибесін үйретіп жүргенін ерекше атап өтті.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *