Есіл ауданында өртке қарсы құрылым пайда болды
СҚО-да ҚР-ның 295-ші өртке қарсы ерікті құралымы ашылды. Ол «Ауыл құтқарушылары» жобасы аясында жүзеге асып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Қараағаш ауылында «Ауыл құтқарушылары» 295-ші өртке қарсы құрылымының ашылуы өтті. Ол жалпы саны 200-ге жуық адам болатын үш елді мекеннің өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.
Пункт өрт сөндіру автоцистернасымен және қажетті өрт-техникалық жарақтармен жарақтандырылған. ТЖМ жеке құрамды оқытып, өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдерінің жиынтықтарын, сондай-ақ қысқы және жазғы нысанды киімдерді тапсырды. Пункттің үй-жайларында қызметкерлердің жұмыс істеуі мен демалуы үшін қолайлы жағдайлар жасалған.
Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы бөлімшелердің оқиға орнына келу уақытын қысқартуға, төтенше жағдайларға жедел ден қоюды арттыруға және шалғай елді мекендердің тұрғындарын қорғауды күшейтуге мүмкіндік береді.

