«Парыз» байқауына СҚО-дан 19 кәсіпорын қатысады
Қазақстанда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша жыл сайынғы «Парыз» байқауының екінші (республикалық) кезеңі өтуде. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес өткізіледі.
Байқауға Солтүстік Қазақстан облысының атынан 19 кәсіпорын қатысуда.
Номинанттар барлық санаттарда ұсынылған: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» және «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы.
Бұған дейін облыстық кезеңнің жеңімпаздары дипломдармен марапатталса, бірінші орын алған алты кәсіпорынға облыс әкімі дипломдар мен естелік сыйлықтарды табыс етті. \
Байқаудың республикалық турының жеңімпаздары ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында анықталады.

