Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО полицейлері эстафетада бақтарын сынады

Республика күні қарсаңында «ARLAN» спорт клубы Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері арасында «Полиция эстафетасын» өткізді. Жарысты СҚО полиция департаментінің бастығы Руслан Назаров ашты.

Мұндай іс-шаралар тәртіп сақшыларының дене дайындығын нығайтып қана қоймай, «ARLAN» спорт клубын да кеңінен насихаттауға бағытталғанын атап өтті.

Сайысқа 13 аудандық бөлімше мен Петропавл қаласы полиция басқармасының командалары қатысты. Қатысушылар жүгіру, кермеге тартылу, ұзындыққа секіру және Макаров тапаншасын жинау мен бөлшектеу бойынша сынға түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Петропавл қаласы полиция басқармасының командасы, екінші орынды Қызылжар ауданының командасы, үшінші орынды Айыртау ауданының құрамасы иеленді. Жеңімпаздар кубокпен, ал жүлдегерлер мен жарысқа қатысушылар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

Эстафета түрлі бөлімшелердің қызметкерлерін біріктіріп, дене дайындығы, командалық рух полиция қызметінің маңызды бөлігі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *