Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда Республика күніне орай салтанатты шара өтті

Петропавлда еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі қарсаңында салтанатты іс-шара өтті. Көпжылдық еңбегімен елдің дамуына елеулі үлес қосқан өңір тұрғындарына құрмет көрсетіліп, медальдар мен грамоталарды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов табыстады.

Шарана құттықтау сөзімен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ашты. Ол еліміздің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы басты құндылықтар болып қала беретінін, ал мемлекеттің дамуы әрбір азаматтың еңбегі мен жауапкершілігіне байланысты екенін атап өтті.

Аймақ басшысы ауыл шаруашылығын, өнеркәсіпті дамытуға және жалпыұлттық бастамаларды іске асыруға ерекше назар аударды. Оның айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі ретінде өз позициясын нығайтуды жалғастыруда. Бұл ретте өңдеуші өнеркәсіпті дамыту және жаңа өндірістер құру маңызды міндет болып қала береді.

— Бүгінде Қазақстан өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты. Барлық өзгерістердің негізінде адал еңбек, заңды құрметтеу, білімге ұмтылу және елдің болашағы үшін жауапкершілік жатыр. Дәл осы құндылықтар әрбір азаматтың күнделікті өмірінің негізіне айналуы тиіс, — деп атап өтті СҚО әкімі Гауез Нұрмұхамбетов.

Салтанатты шараның басты сәттерінің бірі мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімі болды. Көпжылдық адал еңбегі, кәсіби жетістіктері және еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін солтүстік қазақстандықтар «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен, III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарымен марапатталды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *