Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдық балуандарға құрмет көрсетілді

Петропавлда Азия чемпионы Нұрғали Тұрсынғазиев пен Әлем кубогының жүлдегері Дмитрий Динерге құрмет көрсетілді. Салтанатты шара үстел теннисі орталығында өтті. 
Петропавлдық балуандар жуырда ғана Азия мен Әлем кубогында жүлдегерлер қатарынан көрінді. Нұрғали Тұрсынғазиев сарықұрлықтың чемпионы атанса, Дмитрий Динер қазақ күресінен Әлем кубогында қола жүлдені місе тұтты.
Нұрғали Тұрсынғазиев 66 келіге дейінгі салмақта бақ сынап, чемпион атанды. Ал Дмитрий Динер 82 келіде үшінші орынды қанағат тұтты.
— Қазақ күресі — ұлтымыздың спорты. Әлемдік деңгейде көк туымызды желбіретіп, алтыннан алқа тағынғаныма қуаныштымын. Әлі де талай белестерді бағындыра аламын деп ойлаймын. Қолдау көрсеткен жерлестерімізге алғыс айтамын, — деді Нұрғали.
Ал Әлем кубогының қола жүлдегері Дмитрий өз алғысын жанкүйерлермен қатар, жергілікті спорт басқармасы басшылығына білдірді.
Дмитрийдің келесі жарысы қараша айында өтпек. Ол облыс намысын республика чемпионатында қорғамақ. Бұдан соң, жерлестеріміз әлемдік деңгейдегі жарыста бақ сынауды көздеп отыр.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *