Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Облыс активі Президент Жолдауын тыңдады

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңір тұрғындарымен бірге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады. Өңір басшысы Президент айқындаған міндеттер халықтың әл-ауқатын арттыруға және өскелең ұрпақтың болашағына берік негіз қалауға бағытталғанын атап өтті.

Жолдаудағы негізгі бастамалардың бірі — келесі жылды ауқымды жалпыхалықтық құрылыс жылы деп жариялау туралы ұсыныс. Бұл бастама аясында қалалар мен ауылдарда жаңа мектептер, ауруханалар мен тұрғын үйлер салу, жолдардың сапасын жақсарту және инженерлік желілердің сенімділігін қамтамасыз ету көзделген.

Аким СКО отметили важность расширения трассы Кокшетау - Петропавловск

Солтүстік Қазақстан облысы үшін Көкшетау — Петропавл автомобиль жолын кеңейтіп, II санаттан I санатқа ауыстыру жөніндегі тапсырманың маңызы зор. Жобаны іске асыру жол қозғалысының қауіпсіздігін арттырып, көлік қатынасын жақсартуға және жүк тасымалына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы инфрақұрылымды жаңғыртумен қатар инвестиция тарту, өнеркәсіп пен көлік логистикасын дамыту, отандық өндірушілерді қолдау, сондай-ақ жасанды интеллектіні, соның ішінде ауыл шаруашылығына енгізу жөнінде міндеттер қойды. Бұл шаралар халықты тұрақты жұмыспен қамтуға және азаматтардың табысын арттыруға ықпал етуге тиіс. Ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру туралы тапсырма маңызды әлеуметтік шешім болды.

Президент Солтүстік Қазақстан облысының сүтті мал шаруашылығын дамытудағы тәжірибесін де атап өтті. Бүгінде бұл тәжірибе еліміздің өзге өңірлерінде қолданылып келеді.

— Жолдау — алдағы жұмысымыздың нақты бағдары. Президент бастамаларының жүзеге асуы Солтүстік Қазақстанның дамуына жаңа серпін беретініне сенімдімін. Біздің міндетіміз — тұрғындар күнделікті өмірінде сезінетін нақты нәтижелерге қол жеткізу, — деп атап өтті облыс әкімі.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *