Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда сотталғандармен кездесу өтті

Петропавлда «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында сотталғандарға арналған профилактикалық кездесу өтті. Іс-шараға қала әкімдігінің өкілдері, прокуратура және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысып, қоғамдық тәртіпті сақтау мен пробациялық бақылауда тұрған азаматтар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелерін талқылады.

Қала прокуратурасының мәліметінше, соңғы жылдары Петропавлда қылмыс деңгейі біртіндеп төмендеп келеді. 2024 жылдың алғашқы он айында 2000 құқықбұзушылық тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 1800-ге дейін азайған. Бұл — құқықбұзушылықтың 13 пайызға төмендегенін көрсетеді.

Кездесуде пробация қызметі мен жергілікті билік өкілдері сотталған азаматтарды қолдау бағытындағы бірлескен шараларды қарастырды. Мұндағы мақсат — жазасын өтеп жүрген азаматтарға қолдау көрсетіп, олардың қоғамға бейімделуіне мүмкіндік жасау. Бүгінде пробациялық есептегі азаматтар өз мінез-құлқын түзетіп, қоғамға бейімделу бағытында жұмыс істеуде.

Мамандардың айтуынша, осындай кездесулер тек алдын алу шарасы ғана емес, қоғам мен азамат арасындағы сенімді нығайтудың тиімді тетігі. Сондай-ақ мұндай іс-шаралар әр үш ай сайын ұйымдастырылып тұрады.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *