Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО ПД-да үздік тәлімгерлер мен жас қызметкерлер марапатталды

Солтүстік Қазақстан облысында «Үздік тәлімгер» байқауы өтті. Полиция қызметкерлері спорт залда, тирде және тестілеу кабинетінде өзара бақ сынады. Байқаудың мақсаты – жас мамандарға кәсіби тәжірибе беріп қолдау көрсету.

Сайысқа 20 тәлімгер мен олардың жас әріптестері қатысты.   Тәжірибелі қызметкерлер мен ішкі істер органдарындағы еңбек өтілі бір жылға толмаған жас полицейлер дене дайындығын көрсетіп, табельдік қаруды бөлшектеу және жинау бойынша жарысты. Сондай-ақ заңнаманы білу деңгейлері сыналып, қатысушылардың бейнетаныстырылымдары бағаланды.

Байқаудың екінші күні жас полицейлер облыстық полиция департаментінің музейі мен Абылай хан резиденциясына барды. Ал қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарды. Үшінші орын Жамбыл аудандық полиция бөлімінің цифрландыру және жасанды интеллект тобының тәлімгері Альбина Иншекова мен жас қызметкер Мейрамбек Өтеновке бұйырды. Екінші орынды Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары Нарлан Жұмабаев пен полиция жүргізушісі Константин Панов иеленді. Байқау жеңімпаздары Аққайың аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы Алмат Галеев пен оның жас әріптесі, ювеналды полиция тобының инспекторы Темерлан Ибраев атанды. Жүлдегерлерге грамоталар, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар СҚО ПД-ның басқа бөлімшелерінен қатысқан қызметкерлер де марапатталды.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімін СҚО ПД бастығы Руслан Назаров өткізді. Ол тәлімгерліктің жас қызметкерлердің кәсіби ортаға тез бейімделіп, мамандықты меңгеруіне көмектесетінін атап өтті. Аға буынның тәжірибесі мен жеке үлгісі – ұрпақтар сабақтастығын сақтап, «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтудың маңызды негізі болып табылады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *