Жамбыл ауданына ірі қара жеткізілді
Жамбыл ауданындағы «Агротехника Жамбыл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Дания елінен 165 бас ірі қара жеткізілді. Голштин тұқымды сиырлар Пресновка ауылына әкелінді.

ЖШС басшысы орынбасарыайтуынша, сүтті бағыттағы бұл ірі қараның өнімділігі жоғары. Оларды шаруашылықта өсіру арқылы сүт өндірісін арттырып, мал шаруашылығының әлеуетін нығайту көзделіп отыр.
— Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың және Ауыл шаруашылығы министрлігі жариялаған мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары аясында серіктестігіміз қаржыландырылды. «Игілік» бағдарламасымен шаруашылық 346 миллион теңге көлемінде қаражатқа ие болды. Бұл ақшаға ірі қараны сатып алдық, — дейді ЖШС директорының
Тауарлы сүт ферма биыл жазда бой көтерген. Қазіргі уақытта фермада 300-ге жуық ірі қара бар. Жалпы шаруашылық 800 басқа есептелген. Алдағы уақытта мал басын одан әрі көбейту жоспарланып отыр. Кешендегі асыл тұқымды сиырлардан күніне 6-6,5 тонна сүт өндіріледі.

