Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-дағы орташы жалақы — 345 мың теңге

Солтүстік Қазақстан облысында тоғыз айдың қорытындысы бойынша орташа айлық жалақы 345 мың теңгені құрады. Мұндай деректерді облыстық экономика басқармасы келтіруде. 

— Мемлекет басшысы экономикалық дамудың басты нәтижесі азаматтардың әл-ауқатының артуы және олардың өмір сүру сапасының жақсаруы болуға тиіс екенін ерекше атап өтті. Солтүстік Қазақстан облысында халық табысының өсуінің оң динамикасы сақталуда. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша орташа айлық жалақы 345 мың теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды көрсеткіштегі өсім 9,1% құрады, — деп түсіндірді басқарма басшысы Қуанышбек Қалижанов.

Ол баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және халықтың сатып алу қабілетін сақтау маңызды міндет болып қалатынын қосты. Осыған байланысты инфляцияға қарсы шараларды iске асыруды жалғастыру, бағалар мониторингiнiң тетiктерiн жетiлдiру қажет. Сондай-ақ, жергілікті өнім ұсынысын кеңейту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Жалпы, тоғыз айдың қорытындысы бойынша облыс экономикасы оң динамикасын көрсетіп отыр. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 111,8% -ды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша облыс өңірлер арасында бесінші орында тұр. Өнеркәсіп өсімі 15%, ауыл шаруашылығы — 10,6%, көлік — 15,5%, сауда — 16% құрады. Аталған бағыттар бойынша өңір орташа республикалық қарқыннан озып отыр.

— Жыл қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім 6% деңгейінде өседі деп күтілуде. Алдағы үш жылдық кезеңде экономиканың орташа жылдық өсімі 7,2% болады деп болжап отырмыз. 2029 жылы өсу қарқыны 7,8% -ға жеткен. Негізгі драйверлер өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылығы және құрылыс болады, — деді Қалижанов.

Сонымен қатар, сандық өсімді ғана емес, оның сапасын да қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті. Яғни, тұрақты жұмыс орындарын құру, еңбек өнімділігін және халықтың нақты табысын арттыру. Белгіленген бағдарларға қол жеткізу үшін жаңа өндірістерді іске қосуды, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуды және инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыруды қамтамасыз ету қажет.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *