Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да 5 азаматтың құқығы қорғалды

Солтүстік Қазақстан облысында халықтың өзекті мәселелерін жедел шешуге және азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған «Құқықтық дәріхана» акциясы жалғасуда.
СҚО прокуратурасының мәліметінше, осы жолы құқықтық көмек алу үшін 5 азамат жүгініп, олардың еңбек құқықтарының бұзылғаны анықталды. Олар жалақылары уақытылы төленбей жатқаны туралы айтты. Өтініштерді қарау және прокуратура органдары қабылдаған шаралардың нәтижесінде аталған 5 азаматқа жалақы бойынша берешек толық көлемде өтелді.
Облыс прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарын, оның ішінде еңбек қатынастары саласындағы құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. Естеріңізге саламыз: «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында әрбір азамат құқықтық көмекке жүгініп, өзін қызықтырған мәселелер бойынша білікті құқықтық түсіндірме ала алады.
Жалпы, акция барысында 117 азамат қабылданды. Ағымдағы жылдың басынан бері облыс прокуратурасы өткізген акциялары аясында 3 800-ден астам азамат қабылданды.
Облыс прокуратурасы тұрғындарды алдағы уақытта да «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында білікті құқықтық көмек алу мүмкіндігін пайдалануға шақырады әр сейсенбі сайын Петропавл қаласындағы «Рахмет» сауда үйінде, сондай-ақ облыстың аудан орталықтарында (сауда-ойын-сауық орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мәдениет үйлерінде, аудандық ауруханаларда және басқа да орындарда) өткізіледі.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *