СҚО-да үш адам бір депутаттық мандатқа үміткер
Солтүстік Қазақстан облысында бір депутаттық мандатқа орта есеппен үш кандидат үміткер болып отыр.
Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, кандидаттарды тіркеу аяқталды. Солтүстік Қазақстан облысының мәслихаттарына бір мандатты сайлау округтері бойынша 536 кандидат тіркелді. Олардың ішінде:
облыстық мәслихатқа 15 округ бойынша — 45 кандидат;
18 округ бойынша қалалық мәслихатқа — 56 кандидат;
145 округ бойынша аудандық мәслихаттарға — 435 кандидат.
Облыстық мәслихатқа бес саяси партия 52 адамнан тұратын партиялық тізімдерді ұсынды. Барлық партиялық тізімдер тіркелді.
— Қазіргі уақытта партиялық тізімдерін ұсынған барлық тіркелген кандидаттар мен саяси партиялар сайлау алдындағы үгіт жүргізуге кірісті. Шара 28 қараша күні сағат 00:00 дейін жалғасады. 28 қараша — тыныштық күні, 29 қараша — дауыс беру күні болып жарияланды. Бұл күндері сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады, — деп түсінік берді облыстық сайлау комиссиясында.

