Жарияланған күні: 03.11.2026
Троицкое ауылында монша отқа оранды
Жамбыл ауданындағы Троицкое ауылында монша өртке оранып, ауылдық құтқарушылар қызыл жалынды ауыздықтады.
СҚО ТЖД мәліметінше, Жамбыл ауданындағы Троицкое ауылында түнде монша өртенді. Тілсіз жауды «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру бекетінің еріктілері сөндірді. Олардың жедел әрекетінің арқасында өрт бастапқы кезеңінде ауыздықталды, әйтпесе үйлерге таралып кетуі мүмкін еді.
Өрт туралы хабар түскен бойда Троицкое ауылындағы «Ауыл құтқарушылары» бекетінің еріктілері оқиға орнына жедел жетті. Олар дереу іске кірісіп, жалынды бастапқы кезеңде сөндірді.
Мамандар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды, әсіресе монша мен пешті пайдаланған кезде абай болуды ескертеді.

