СҚО– да «Ботай-Ұлы дала мәдениеті» екінші халықаралық симпозиумының қорытындысы шығарылды
Петропавлда халықаралық суретшілер көрмесі ұйымдастырылды. Бұл шара арқылы «Ботай – Ұлы дала мәдениеті» симпозиумының нүктесі қойылды. Франция, Румяния, Германия, Канада, Өзбекстан, Қырғызстан сынды 20 мемлекеттен келген суретшілер екі апта бойы тарихи орындағы жәдіргерлерді, сол дәуірде тіршілік еткен халықтың өмір салтын зерттеп, қағаз бетіне түсірді. Шетелдік қылқалам шеберлері жабайы жылқы алғаш қолға үйретілген жер ерекше шабыт сыйлағанын айтады. Олар алған әсері мен білімін сурет арқылы бейнеледі.
Көрмеге түрлі жанрда салынған 120 картина қойылды. Ал авторлары арнайы марапатқа ие болды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша олардың бір бөлігі болашақта сатылып, түскен қаражатқа балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арналған шара ұйымдастырылады.
«Сол кездің атмосферасын сезіндім. Бұл картина шынайы адамдардың өмірінен алынды деуге болады. Олардың тұрмыс-тіршілігі оңай болмағаны анық. Өмір үшін күресте ең мықтылар ғана аман қалады. Осының бәрін елестетіп көру қызық болды. Ал сезім – өзгермейді. Картина арқылы сол кездегі адамдарың сезімін, көңіл-күйін көрсеттім»,- дейді Гермнаия елінен келген суретші Ольга Мюллер.