Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Светлана Жақыпова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды

Светлана Жақыпова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.

Светлана Жақыпова 1968 жылы дүниеге келген. 1991 жылы Целиноград Мемлекеттік педагогикалық институтын, 2006 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын аяқтады.

2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарған.

Ал биыл маусымда Светлана Жақыпова Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалған еді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *