Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Тамара Дүйсенова Премьер- Министрдің орынбасары болып тағайындалды

 

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды«- делінген хабарламада.

Білімі:

1987 ж. – Тәшкент халық шаруашылығы институтын «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген, экономкағылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 1988 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы орта мектепте информатика пәнінің мұғалімі болып бастаған.

1988-1992 жж. – Өзбекстан ССР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы экономика және нормативтер ғылыми-зерттеу институтында экономист.

1992-1993 жж. – Сарыағаш аудандық әкімшілігінде аға экономист.

1993-1994 жж. – «Перизат-холдинг» компания бөлімінің жетекшісі.

1994-1997 жж. – Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары. 

1997-1999 жж. – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

1999-2002 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2002-2006 жж. – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.  

2006-2008 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2008-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.

2013 ж. –  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.   

2014-2017 жж. – Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі.

2017-2018 жж. –  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.   

2018-2019 жж. – «Nur Otan» париясының хатшысы.

2019 жылдың 15 шілдесінен бастап – «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ жетекшісі.

2020 жылдың  5 мамырынан бастап  – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2022 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болыптағайындалды.

2023 жылғы 4 сәуірде осы лауазымға қайта тағайындалды.

2023 жылғы 8 маусымда ҚР Премьер-министрінің орынбасары –  Еңбек және халықты әлеуметтікқорғау министрі  болып тағайындалған.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *