Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивіне 100 жыл

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің 100 жылдық мерейтойына орай «Архив – тарихтың қымбат қазынасы» атты раус-бағдарлама өтті.

Айтулы іс-шараға ҚР мәдениет және спорт министрлігінің архив және құжаттар комитетінің төрағасы Қ.Қ.Бораш, сонымен қатар ҚР Орталық мемлекеттік архиві, ҚР «Ұлттық архиві», Ғылыми-техникалық құжататрдың Орталық мемлекеттік архиві, ҚР Президент архиві, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Абай, Қостанай, Қызылорда, Ақмола облыстарының архив басшылары мен қызметкерлері, Омбы тарихи архивінің басшысы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ мен М.Қозыбаев атындағы СҚУ тарихшы ғалымдары, СҚО мәслихат, Аманат партиясы филиалы,  сот, ішкі саясат басқармасы, мәдениет және тілдерді дамыту, архив ісі басқармасының басшылары,  архив саласының ардагер қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысады.

Олардың назарына «Архив – тарихтың қымбат қазынасы» атты жылжымалы көрме мен «СҚО архив қызметіне 100 жыл» атты деректік фильм ұсынылады.

Көрмеге архивте сақталған өте құнды, алғаш рет жарияланған келесі құжаттар ұсынылады: Губерниялық архив бюросының құрылуы туралы Ақмола губерния атқару комитетінің қаулысы, Губерния архив бюросының бірінші меңгеруші Е.А. Краснопевцевтің сауалнамалық парағы,  1941 ж. облыстағы архив мекемелерінің жұмысы туралы жылдық есеп, Солтүстік өңірдің Алаш қайраткерлері – Мағжан Жұмабай, Смағұл Сәдуақасұлы, Жұмағали Тілеулиннің өмірі мен қызметіне қатысты архив құжаттары, Қазақ АССР-гі жаңа облыстардың құрылуы туралы ВЦИК Президиумының қаулысы, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директорлары, «Абылай хан резиденциясы» мұражайлық кешенінің құжаттары, СҚО атақты жазушылары – Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Иван Шуховтың өмірі мен қызметіне қатысты архивтік құжаттар, СҚО Кеңес Одағының батырлары мен Даңқ орденінің толық кавалерлері туралы құжаттар, Сәулет ескерткіштері суреттеріндегі Петропавл қаласының тарихы, Солтүстік Қазақстанның киелі жерлері, Солтүстік Қазақстан өңіріндегі саяси қуғын-сүргін тарихы, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың СҚО сапарынан фотоқұжаттар.

«100 жылдың ішінде архив саласы бірнеше рет өзгерістерге ұшырады. Бүгінгі таңда облыстық архив жүйесінің құрамында архивтер және құжаттамалар бөлімі, мемлекеттік архив, қалалық және 13 аудандық архив бар. Облыстық архивте 800 мыңға жуық құжат сақталған. Бұл Ұлттық архив қорының құжаттары. Мекеме 4 бөлімнен тұрады», – дейді Солтүстік Сазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова

Секция жұмысында республиканың архив басшылары мен қызметкерлері архив ісінің негізгі мәселелерін талқылап, архив заңнамасын жетілдіру сұрақтары бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар, іс-шараға қатысушыларға Петропавл қаласы бойынша экскурсия жасады.

2023 жылдың 9 қыркүйек күні «Архив – тарихтың қымбат қазынасы» конференциясына қатысушыларды жалпыұлттық киелі жерлерге апару мақсатында СҚО, Жамбыл ауданына экскурсия ұйымдастырылады.

Қатысушылар Қожаберген жырау мазары, «Солтүстік Қазақстан және Алаш» барельефі, Әлти қонысын аралайды.

Экскурсия жұмысына СҚО мәдениет және тілдерді дамыту, архив ісі басқармасы, республикалық архив басшылары мен қызметкерлері, Жамбыл ауданы әкімдігі,  тарихшы ғалымдар мен өлкетанушылар қатысады.

«Солтүстік Қазақстан мен Астана қаласының архиві арасында өте тығыз байланыс бар. Сонау 19 ғасырдан бастау алған десем де артық айтпаймын. Себебі, сол уақыттағы орталық губернияның орталығы осы Петропавл қаласында болған. Сондықтан Астана, Ақмола өңіріне қатысты көптеген құжаттар осы Қызылжар архивінде сақталған. Осы себептен де, біз бауырлас қала болып есептелеміз», – дейді Астана қаласы архиві директорының орынбасары Жангелді Бимолдин.

Тарихи орында 1918 жылғы Аққұсақ құрылтайы болған орындағы баннердің ашылуы және «Қазақстанның солтүстік өңіріндегі Алаш қозғалысы мұрағат деректерінде» кітабының тұсаукесері болады

 

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *