Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Жетім баланың бірнеше пәтерін заңсыз жалға беріп, пайда тауып келген: СҚО прокурорлары қамқоршының құқығын қасақана пайдаланған пысықайды анықтады

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары балалар үйінде заңнаманы сақтау сұрақтарына талдау жүргізу барысында қамқоршының құқығын қасақана пайдаланып,  кәмелеттік жасқа толмаған баланың құқығын  бұзған азаматты анықтады, деп хабарлайды тілшіміз.

Петропавл қаласының тұрғыны былтыр 13 жастағы туысын қамқорлыққа алған. Осылайша бала сәуір айына дейін ағасымен тұрған. Алайда көктемде пысықай оны қайтадан балалар үйіне өткізіп жіберген. Ал кәмілеттік жасқа толмаған баланың үш пәтерін осы күнге дейін заңсыз жалға беріп келген екен. Ал, одан түскен қаражатты өзінің пайдасына жаратып отырған.

Құзырлы орган өкілдері олқылықты анықтады. Қазір аталған фактіге қатысты, іс қозғалып сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Егерде сезіктінің кінәсі толығымен дәлелденсе, ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«13 жастағы баланың шешесінен қалған үш пәтері болған. Ал қамқорлыққа алған азамат, оның  алыс туысы болып шақты. Ол баспаналарды жалға берерде арнайы органдарға  барып, мамандарды ескертуі керек болатын. Сәйкесінше  арнайы есеп-шоп ашылып, түскен қаржы жетім балаға аударылуы тиіс еді.  Алайда іс жүзінде олай болмаған.  Артынша азамат тіпті баланы балалар үйіне қайта өткізіп жіберген. Қазір ол Полидуно балалар үйінде. Ағымдағы жылдың  12 қыркүйегінде  прокуратура органдарының материалдары бойынша  Петропавл қаласының полиция органдарымен ҚР Қылмыстық кодексінің 142-бабы «Қорғаншы немесе қамқоршы құқықтарын терiс пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», — деді СҚО прокуратурасының басқарма басщысы Марат Аюпов.

Қазіргі уақытта  балаға келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр. Іс облыс прокуратурасының қатаң бақылауында.

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *