СҚО-да ТЖД қызметкерлері арасында қазақ күресінен республикалық турнир өтті
Петропавлда қазақ күресінен қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін еске алуға арналған «Бейбіт күннің батырлары»атты ашық турнир өтті, деп хабарлайды тілшіміз.
Александр Винокуров атындағы спорт сарайында өткен додаға еліміздің 10 облысымен Астана қаласы және М. Ғабдулин атындағы азаматтық қорғау академиясы атынан барлығы 82 балуан бақ сынасты.
Іс-шара бір минут үнсіздіктен басталды. Артынша қызмет барысында мерт болған қызметкерлер туралы бейнефильм көрсетілді.
СҚО ТЖ департаментінің бастығы полковник Ерік Сарыбаев турнир қатысушыларына құттықтау сөз сөйледі. Ол осы іс-шараның маңыздылығына, ұлттық күресті насихаттауға баса назар аударды және қатысушыларға адал сайыста жеңіс тіледі.
Спортшылардың тартысты жекпе-жегін спорт сарайына жиналған көрермендер қызу қолдады.
Турнир қорытындысы бойынша 66 келіге дейін салмақта үшінші орынды Астана қаласының өкілі және АҚА-ның Сағындық Әшім мен Нұрсұлтан Найманғанзиев бөлісті. 2 орын СҚО-ның спортшысы Нұрбек Жандос және бірінші орынды – СҚО-ның өкілі Берекетов Мейіржан иеленді.
74 келіге дейінгі салмақта бірігші орынды Бейбарыс Тұрғанбекұлы, екінші орынды — Батырхан Қайрбек, ал үшінші орынды — Дмитрий Динермен Асхат Халыбай иеленді.
Түйе палуан санатында Ақжар ауданынан келген -Батырбеков Хамит 3 орын, 2-ші орынды СҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы — Қанат Өмірзақов, бірінші орынды Астана қаласынан келген Айбат Сейтен жеңіп алды.
Жеңімпаздарға медальдар мен сертификаттар табысталды.