СҚО –да жол сақшылары шетелдік есепте тұрған көлік жүргізушілерімен жасалған 43 бұзушылықты анықтады
СҚО полицейлері шетелдік есепте тұрған көлік жүргізушілерімен жасалған 43 бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды тілшіміз.
Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін шетелде тіркелген автокөлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады. 1 қыркүйектен бастап шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру үшін берілген мерзім аяқталған соң, СҚО полицейлері күн сайын шетелдік нөмірлері бар автокөліктер бойынша рейдтер жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары жүргізуші куәліктерін, техникалық паспорттарды және басқа да құжаттарды тексереді. Рейдтердің өтуі барысында барлығы 432 автокөлік тексерілді. 43 құқық бұзушылық анықталды. Жиі жасалатын бұзушылықтар – мерзімі өткен сақтандыру, техникалық байқаудан уақтылы өтпеу.
«Бұл жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі және ҚР Ішкі істер министрлігінің жіті бақылауында. Рейдтердің мақсаты – шетелдік есепте тұрған автокөліктердің ҚР заңнамасының талаптарын сақтауы. Бұл әсіресе транзиттік автотрафикасы жоғары шекаралас аймақта байқалады», — деді СҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығының орынбасары Григорий Тыш.
Жалпы жыл басынан бері облыс аумағында шетелдік есепке алынған автокөліктердің қатысуымен 34 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 7 адам қаза тауып, 52 азамат түрлі дене жарақатын алды.