Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Еліміздегі ауыл шаруашылығы техникасының тозығы жеткен

Еліміздегі ауыл шарашылығы техникасының 76 пайызы әбден тозған. Көнерген көлікпен әсіресе көктемгі егіс науқаны мен күзгі орақ кезінде жұмыс істеу — өнбейтін шаруа дейді жұмысшылар. Тап осы мезгілде техниканы жалға алу құны шарықтап шыға келеді, деп хабарлайды тілшіміз.

Егін науқаны кезінде ескі комбайндармен жұмыс істеу нағыз бейнет. Қарбалас шақта жұмысшылар бірінің бөлшегін екіншісіне салып әлекке түседі. Солтүстікқазақстандық Жарасбай Беспаев – тәжірибелі механизатор.  Ол егін сапасы техникаға тәуелді екенін айтады. Алайда қолдан келер шара жоқ.

 «Жүруімізден сынуымыз көп. Сайманын басқа комбайндарға салып жатырмыз. Көріп тұрсыздар ғой, ескі техника бәрі. Енді мына комбайндарды жалға әкелдік.  Бұл мерзімі келген техникалар ғой», — дейді механизатор Жарасбай Беспаев.

Қазақстанда 300 мың жер өңдейтін техника, 149 мың трактор, 38 мың комбайн бар. Ауыл шаруашылығы министрлігінің жасаған талдауына сәйкес тракторлардың 80, комбайндардың 72 пайызының тозығы жеткен.

Шаруалардың айтуынша, егін орағы кезінде комбайндарды жалға алу құны жыл сайын шарықтап шыға келеді. Бахытбек Дүйсенов биыл 1200 гектар алқапқа тұқым сіңірген. Комбайнды жалға алғаны үшін 12 миллион теңге төлейді. Басқа шығындары да шаш етектен.

 «Жаңадан алу үшін, комбайнды көп қүжат жинау керек. Алғашқы жарнасын тағы бар. Кепілге қоятын дүниең болуы шарт. Технкалар елу пайызға қымбаттады. Барлығын санағанда тым қымбатқа түседі», — дейді серікстестік директоры Бақытбек Дүйсенов.

Қазақстанда соңғы 6 жылда техниканы жаңалау көрсеткіші өскені байқалады. 2017 жылы 103 миллиард теңгеге 8500, ал былтыр 330 миллиард теңгеге 17 300 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынған. Техниканың дені әбден тозғандықтан бұл да жеткіліксіз.

«Казагрофинанс» арқылы биыл 20 миллиард теңге – 6 пайызбен 10 жылға несие беріліп жатыр. Жақында ғана үкіметтің шешімі бойынша шаруаларға тағы да 20 миллиард теңге жеңілдетілген лизингпен қаржы бөлінді», -дейді ҚР АШМ техникалық жарақтандыру басқармасының басшысы Бақыт Ілиясов.

Алдағы 3 жыл сайын тағы да 30 миллиард теңгеден қаражат бөлу жоспарланған. Алайда лизингтік бағдарламалар шағын серіктестіктер үшін қолжетімсіз, бөлінген қаржы тез таусылып қалады дейді шаруалар. Отандық зауыттар трактордың 10, комбайнның 5 түрін шығарады. Дегенмен әзірге су жаңа техника қарапайым шаруалар үшін арман болып тұр.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *