СҚО-да тағы бір тауарлы- сүт фермасы пайдалануға берілді
Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір тауарлы сүт фермасы пайдалануға берілді. Нысан Тайынша ауданындағы Қарағаш ауылында іске қосылды. Бұл жайында өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды тілшіміз.
«Астық STEM» серіктестігінің жаңа тауарлы -сүт фермасында 30 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Жобаға 1,1 миллиард теңге инвестиция тартылды. Кешен жылына орта есеппен 3,2 мың тонна сүт өндіруге қаухарлы.
Қазіргі таңда аймақта әлі 13 сүт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін алты заманауи тауарлы-сүт фермасы іске қосылады.
Биыл өңірде сүт өндірісі 20 пайызға артты. Қазір СҚО елімізде сүт өндіру бойынша екінші орынға шақты.
«Жаңа фермалардың ашылуы ауылдарда тұрақты жұмыс орындарын ашуға, сапалы тауарлық сүт өндіру көлемін ұлғайтуға және сүт зауыттарының жүктемесін көбейтуге мүмкіндік береді», – деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов.