Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Бүгіннен бастап Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим күшіне енеді

Бүгіннен бастап Қытайға визасыз режим күшіне енеді, деп хабарлайды тілшіміз  Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Тиісті келісімге екі елдің Үкіметі Сианда қол қойған болатын. Бұл келісімге сәйкес, екі елдің азаматтары жеке істер, туризм, емдеу, халықаралық тасымалдар, транзит, сондай-ақ іскерлік мақсаттарды іске асыру үшін визалық талаптардан босатылады.

Бұл ретте азаматтардың екі мемлекеттің аумағында болу мерзімі мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап 30 күнтізбелік күннен, ал 180 күнтізбелік күн ішінде жиынтық 90 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

Егер азаматтарға 30 күннен артық болу қажет болған жағдайда тиісті санаттағы кіру визасын алдын ала рәсімдеу қажет. Визасыз режим жұмысқа орналасуға, оқуға және миссионерлік қызметке рұқсат бермейді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *