Өңір жетекшісі коллектордың жөндеу жұмыстарын тексерді
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Жуков көшесінде ақау анықталған кәріз коллекторының жөндеу жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды тілшіміз.
Бұл коллектордың тозығы жеткен. Ол 67 жыл бұрын пайдалануға берілген.
Коллектордың толық тоқтап қалу қаупін жою үшін төтенше жағдай режимін енгізіп, шұғыл жөндеу жүргізу туралы шешім қабылданды.
«Мамандар тексеру жүргізіп, жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Жұмыстарды уақтылы әрі сапалы орындауды тапсырдым», — деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік Петропалда қарашан бастап жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланады. Оған — қаладағы тозығы жеткен кәріз коллекторларының бірінің зақымдануы себеп.