Елімізде карантин бола ма? — комитет төрағасының орынбасары жауап берді
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова Қазақстанда қызылша ауруының өршуіне байланысты карантин енгізу қаупіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды тілшіміз Halyq Uni порталына сілтеме жасап.
Қызылшамен вакцина арқылы күресуге болады. Сондықтан карантин енгізілмейді және енгізу жоспарланып отырған жоқ. Біз жағдайды бақылауда ұстап отырмыз, — деді Зәуре Ахметова Үкіметтің баспасөз орталығында
Сондай-ақ ол карантин тек жеке ұжымда енгізілуі мүмкін екенін жеткізді.
Алайда балалар ұжымында біз сырқаттанушылықтың жоғары деңгейін байқасақ немесе қызылшаға қарсы вакцина алмаған балалардың саны рұқсат етілген шекті деңгейден асатынын анықтасақ, онда дәл осы ұйымда: мектепке дейінгі ұйым, мектеп, жоғары оқу орны немесе колледжде жеке шара қабылданады, яғни әрбір ұйым бойынша, — деді комитет төрағасының орынбасары.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрі 6 мың баланың қызылша жұқтырғанын хабарлаған болатын.