Петропавлда бір топ сепаратиске қатысты сот үкімі шықты
Петропавл қалалық соты жұмысшылардың халық кеңесін құрып, Қазақстанның тұтастығына шүбә келтірген сепаратистерге қатысты үкім шығарды. Атышулы жиынға қатысқан 19 адамның тек төртеуі ғана сотталып, оларға 9 және 7 жылға жаза кесілді, деп хабарлайды тілшіміз Kazinform.сайтына сілтеме жасап.
Естеріңізге салайық, биыл 19 наурыз күні Петропавлдың 19 тұрғыны жергілікті колледждердің бірінің ғимаратына жиналып, Қазақстан Республикасынан тәуелсіз жұмысшылардың халық кеңесін құрғандығын жариялаған. Декларация қабылдаған. Бұдан басқа әлеуметтік желіде белсенділік танытып, Қазақстанның тәуелсіздігін жоққа шығаруды мақсат еткен жазбаларды жариялап келген.
Кеңес отырысының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап, халықтың наразылығын тудырды. Оларды сепаратизм үшін жауапқа тартуды талап етті. 30 наурызда облыс прокуратурасының нұсқауы бойынша Ұлттық қауіпсіздік Комитеті СҚО департаментінің, Полиция департаментінің, Экономикалық тергеу департаментінің, облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, сепаратизм фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Сепаратизмді насихаттады деп күдіктелген топқа екі қылмыстық іс қозғалған, ҚР Қылмыстық кодекстің 180-бабы 2-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақыру, материалдарды тарату және Қылмыстық кодекстің 179-бабы бойынша мемлекеттің қауіпсіздігін ыдыратуды үгіттеу бойынша сарапталған. Бұл ауыр қылмыстар санатына кіреді. Ал топты ұйымдастырушы Вячеслав Зудерманға қосымша ҚР ҚК 287 бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалды.
Бүгін Петропавл қалалық соты сепаратистерге қатысты үкім шығарды. Жиынға қатысқан 19 адамның төртеуі ғана сотталып, қалғаны куәгер ретінде жауап берді.
Соттың үкімімен Вячеслав Зудерман 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған үш фигурант – Елена Болдырева, Мәдина Қапарова және Ольга Бережнова 7 жылға сотталды. Олар қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын жазасын өтейді.