Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

7 жыл бойы таныстарын алдап келген қала тұрғыны

Петропавл қаласының 37 жастағы тұрғыны  таныстарын алдап, 2016 жылдан бері таныстарынан түрлі сомада қарызға ақша алып келген. Тіпті қолхат жазып, үстінен ақша қосып қайтарамын деп айтқан.

Алайда сөзінде тұрмаған ол ақшаны өзінің қажетіне жаратқан екен. Алаяқтың құрбандары оның қайта-қайта айтқан уәделеріне сеніп, әбден шыдамдары таусылған соң тек 2023 жылы ғана полицияға  жүгіне бастапты.

Бұл қылмыстарды тергеумен айналысқан петропавлдық полицейлер адамдарды алдаудың 14 эпизодын анықтаған. Күдікті таныстарына 270 мың теңгеден  15 миллион теңгеге дейінгі шығын келтірген. Тергеушілердің мұқият жүргізген жұмысының нәтижесінде бұл іс сотқа жіберілді. Петропавл қалалық соты күдіктіні айыпты деп таныды, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сондай-ақ ол келтірген шығынды  толық өтемек.

Петропавлдағы 12 жеке тұрғын үйге су кірді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *