Жарияланған күні: 17.04.2024
Қала әкімі: Жаңа үйлер салынады. Ешкім назарсыз қалмайды
Қала Серік Мұхамедиевтің айтуынша, тасқын судың келтірілген шығын көлемі анықталған соң, тиісті шаралар қабылданады. Тілсіз жаудың кесірінен жапа шеккендерге жаңа үйлер салу да жоспарланып отыр.
— Тұруға жарамсыз немесе өте нашар жағдайдағы барлық үйлерді, әрине, қалпына келтірудің қажеті жоқ. Жаңадан үйлер немесе пәтерлер салынады. Яғни, бұл жеке негізде қарастырылады, — деді Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев.
Серік Мұхамедиевтің айтуынша, ол қазірдің өзінде қаланың су басқан аудандарының тұрғындарымен кездесіп, олар жаңа үйлерінің сонда орналасқанын қаламайды. Оның сөзінше, ол жерлерде саябақ та тұрғызылуы мүмкін.