«Азық-түлік ұрланып жатыр» деген жалған ақпар таратқан әйел жазаланды
Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан қала тұрғыны анықталды. Енді келіншекке айыппұл төлеуге тураы келеді.
47 жастағы келіншек әкімшілік ғимараттың жанында еріктілердің жұмысын ұялы телефонға түсіріп алып, әлеуметтік желіде қолұшын созып жүргендерге жалған жала жапты. Түсіргенін WhatsApp мессенджеріндегі топтарға таратып, бейнежазбада оларды ұрылар деп атады. Кейін бұл жазба «TikTok» желісінде тарап үлгерді.
– Тәртіп сақшылары «азық-түлік ұрланып жатыр» деген хабарламаны тексерді. Шын мәнінде, тиеліп жатқан жүк Есіл өзенінің тасуынан зардап шеккен Қызылжар ауданының Большая малышка ауылына жіберілгені анықталды. Ойланбастан асығыстық жасаған Петропавл тұрғыны жалған ақпаратты таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Өңірде су тасқыны басталғалы бері полицейлер интернет-кеңістікті бақылауды күшейтіп, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуде, – дейді баспасөз қызметі.