Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да 670 шақырым жол жөнделеді

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың басшылығымен өткен әкімдік отырысында жол жөндеу сұрағы қаралды. Мемлекет басшысының нормативті жағдайдағы автожолдардың үлесін 95 пайызға жеткізу тапсырмасын орындау мақсатында облыста кешенді шаралар жасалуда. 


Биыл облыста жөндеу облыстық және аудандық маңызы бар 670 шақырым жолды қамтыса, оның 100 шақырымы ауылішілік жолдар. Еленовка-Арықбалық-Чистополье-Есіл тас жолындағы Салқынкөл ауылы маңындағы көпір құрылысы жүріп жатыр, Андреевка-Бостандық, Покровка-Ильинка-Мектеп, Дәуіт-Ленинградское ауылдары арасында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда. Саумалкөл мен Новоишимское ауылдары арасында да орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ленинградское-Алқатерек және Григорьевка-Токуши жолдарын жөндеу аяқталды.

Сондай-ақ 95 шақырымды құрайтын 8 жаңа жобаны жүзеге асыру басталды: Имантау ауылындағы көпірді күрделі жөндеу, Смирново-Қиялы, Горьковское-Восходское, Покровка-Горное, Қарақоға-Надежка, Меңкесер-Раздольное, Кривощеково-Садовка жолдарын күрделі жөндеу, Новомихайловка-Бостандық жолын ағымдағы жөндеу жүргізілмек.

Республикалық жолдарда жөндеу жұмыстары 385 шақырымды құрайды. Дәуіт пен Талшық ауылдары арасындағы және Кішкенекөл ауылына баратын жолды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ақмола облысының шекарасынан бастап Бескөл ауылына дейінгі 7 учаскеде Жезқазқан-Петропавл республикалық жолын орташа жөндеу жалғасуда. Мамлютка-Қостанай республикалық тас жолы да жаңартылады, онда жөндеу 10 учаскені қамтиды.

Аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов тиісті басқармалар мен аудан әкімдеріне барлық процедураларды жеделдетіп, жөндеу жұмыстарын дер кезінде жүргізуді, жолдардағы жөндеу сапасына тиісті бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ облыс әкімі жұртшылықты жол жөндеу жұмыстарының барысын қадағалап, жөндеу науқанындағы барлық кемшіліктерді есепке алуға шақырды.

СҚО полицейлеріне 41 қызметтік автокөліктің кілті табысталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *