Петропавлдағы қазақ сазды-драма театрында премьера
Облыс орталығында орналасқан Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында кезекті премьера өтті. «Шырайлы мекен» лирикалық драмасын сахналауға 9 актер қатысты. Режиссеры – Думан Адыкенов.
«Шырайлы мекен» спектакльінде тұрғындары қалаға көшіп кетіп, 2-3 үй ғана қалған ауылдың күйбең тірлігі көрсетіледі. Кішкентай ғана елді мекенде аз адам тұрсада, олар туып өскен ауылдарының жойылып кеткенін қаламай, барынша әрекет жасайды.
— Спектакль авторы – Ангиза Ишбулдина Башқұртстаннан. Бұл пьессамен мен өзім Башқұртстанда Уфа қаласында оқып жүргенде танысқам. Содай кейін тақырыбы ұнап, осы материалмен жұмыс істегім келді. Жалпы көшіп жатқан ауылдар жайлы. 245/00:05 Біз көп қарадық қандай ауылдар тарап кетті. Қандай жағдайда қазіргі ауылдар. Сол кезде осы СҚО-дағы Үлгі дейтін тарап, ыдырап кеткен ауылға арқа сүйеп соның атына қойдық, — дейді Думан Адыкенов.
Гүлсім Тайжан 70 жастағы ауыл тұрғыны Сағираның рөлін сомдаған болатын. Актрисаның айтуынша өзіне берілген кейіпкерді сомдап шығару үшін 2-3 ай дайындалған.
— Бұл менің ең алғашқы қойылымым дебютім десемде болады. Және де бұл шырайлы мекен атты спектакль ауыл тіршіліктері, Үлгі ауылылың жағдайы және басқада ауылдағы көптеген жағдай қозғалады. 01:06 Сөйлем тілімді барлығын өзгерттім. 2-3 ай кетті осы рөлімді шығару үшін. Қобалжу бар әрине алғашқы қойылым болғаннан кейін, — дейді актриса Гүлсім Тайжан.
Бұл қойылым алдағы уақытта көрермен назарына жаңа құраммен тағы да ұсынылатын болады.