Петропавлдың қай жерінде шаңғы және коньки тебуге болады?
Қыс басталып шаңғы және коньки тебуге уақыт келді. Петропавлдықтар бос уақыттарын қаланың бірнеше аймағында өткізе алады. Тұрғындар шаңғыны Борьки кентінде, Қарғалы аралында және «Green Park» демалыс базасында тебуге мүмкіндіктері бар.
Шаңғыны жалға беру орталықтары таңғы сағат 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істемек. Ересектерге шаңғыны жалға алу бағасы 2 мың теңге, жасөспірімдерге 1,5 мың теңге, кішкентайларға мың теңге тұрады. Ал конькиді Винокуров спорт сарайында жалға алып тебуге болады. Тұрғындар үшін мұз айдыны сенбі күні сағат 17.00 мен 18.00 аралығында және 18.30 бен 19.30 аралығында жұмыс істейді. Ал жексенбі күні бірінші сеанс 17.30-да, екіншісі 19.00-де басталады. Бұл жерде конькиді тебу ересектер үшін 1 мың теңгеге, 14 жасқа дейінгі балалар үшін 600 теңге тұрады.
К.Байболов атындағы облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде де конькиді жалға алып тебуге болады. Мұнда конькиді 1,5 сағат тебу құны ересектер үшін мың теңге, балаларға 700 теңге тұрады.
— Биыл аулаларда әзірге 4 мұз айдынын құю жоспарланған. Жалпы тұрғындар қалалық спорт бөліміне хабарласып, аулаларында хоккей қорабы болса, мұз айдынын жасата алады. Бірақ әдетте ПИК төрағалары мұз айдынын құйдырудан өздері бас тартып жатады. Биыл әзірге бұл жұмыс қолға алынған жоқ, өйткені ауа температурасы мүмкіндік бермей тұр. Сондықтан конькиді қазір Винокуров спорт сарайында ғана тебуге болады, — дейді СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Нина Усенко.
Жамбыл ауданында заңсыз саудаланған алкоголь тәркіленді