СҚО-да әмбебап құтқару кешені ашылды
Петропавлда Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен Солтүстік Қазақстан облысындағы құтқару және іздеу шараларына арналған алғашқы әмбебап кешеннің ашылуы өтті. Жаңа нысан Пестрое көлі және Тепличное ауылының маңында орналасқан.
Бұрын жедел-құтқару жасағында өзінің ғимараты болмаған. Жаңа кешен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып, құтқарушыларға апаттық жағдай кезінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Кешен заманауи жабдықтар мен техникамен жабдықталған. Мысалы, автокөліктің есігін ашуға «таран», жол-көлік оқиғаларында металл кесу және кеңейтуге арнайы құрал сатып алынған. Кешенде сүңгуірлер мен қайықтар, иттермен кинологтар да бар.
— Тасқында жедел-құтқару жасағы адамдарды құтқару бойынша маңызды миссияны атқарады. Енді төтенше оқиғаларға дайындық деңгейі айтарлықтай өсіп, әрекет ету уақыты қысқарады және көмек көрсету сапасы жақсарады, — деді өңір басшысы.