Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+1°C
Ясно
Источник погодных данных: Ауа райы
21:23:34Среда

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 21 қылмыс тіркелді

Соңғы үш айдың ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 21 қылмыс тіркелсе, өткен жылы алғашқы үш айда 16 факті анықталды. Естеріңізге салсақ, былтырғы маусым айынан ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Осыған байланысты қылмыстар саны өсіп отыр.

Дегенмен, жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, жалпы тұрмыстық құқықбұзушылықтар саны азайған. Биылғы бірінші тоқсанда 660 құқықбұзушылық тіркелді, бұл өткен жылғыдан шамамен 100 дерекке аз.

— Биыл 910 қорғау нұсқамасы шығарылды. Ішкі істер органдарының өтінішхаты бойынша, құқық бұзушылардың мінез-құлқына 376 ерекше талаптар белгіленді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 12 әйел арнайы орталыққа орналастырылды, — дейді жергілікті полиция қызметі басқармасының тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің бастығы Қорғанбек Жүсіпов.

Полиция қызметкерлерінің ұсынысы бойынша облыс соттары 400-ге жуық құқықбұзушыға ерекше талап қойып, спирттік ішімдік ішуге тыйым салды.

СҚО-да шөптің жану фактілері тіркеле бастады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *