Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+15°C
Ясно
Источник погодных данных: Ауа райы
22:20:55Пятница

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Қарағандылық театр Петропавлға келді

Петропавлға Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры гастрольдік іс-сапармен келді. Іс-сапар аясында театр труппасы өңірлік журналистермен кездесу өткізіп, шығармашылық жоспарларымен бөлісті.

Қарағандылық театр үш күнде екі қойылым сахналады. Көрермендерге ұсынылған Мұхтар Әуезовтің «Қаракөз» трагедиясы мен Мұқағали Мақатаевтың «Қош, махаббат» драмасы терең мазмұнымен және актерлердің шеберлігімен ерекше әсер қалдырды.

Үш күнге созылған гастрольдік сапар – тек қойылым ғана емес, екі театрдың шығармашылық достығының айқын көрінісі болды. Қарағандыдан келген театр ұжымы көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, өнер арқылы екі қаланы жақындастыра түсті.

Сахнада – ұлттық рух, терең сезім, мәңгілік махаббат. «Қаракөз» бен «Қош, махаббат» – бұл тек драмалық туындылар емес, әр жүрекке жол табатын шынайы өнер. Театр жан азығын сыйлап, ұлт болмысын жеткізетін рухани кеңістік екенін тағы бір дәлелдеді.

Петропавлда соғыс туралы «Қара қыз» фильмі көрсетілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *