Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+20°C
Облачно
Источник погодных данных: Ауа райы
16:18:36Воскресенье

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда рецептісіз сатылған дәрі-дәрмек сатылған

Петропавлда  рецептісіз дәрі-дәрмек пен электронды сигарет саудасының жолын кесті. Бұл фактілерді полицейлер «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықтады.

СҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, рейд 9-13 маусым аралығында өтіп, тәртіп сақшылары облыстағы дәріханалар, медициналық мекемелер мен кәсіпорындарға бақылау жүргізді. Нәтижесінде 19 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркелді. Олардың қатарында рецептпен босатылуы тиіс препараттарды еркін сату, құрамында есірткі бар дәрілік заттарды сақтау мен есепке алу талаптарының бұзылуы, сондай-ақ прекурсорлардың (есірткі жасауға қолданылатын заттар) дұрыс сақталмауы сияқты жайттар бар.

— Полицейлер электронды сигареттердің және вейпке арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымының 2 фактісін анықтады. Полицейлер олардың қолданылуына тыйым салынғанын және өткен жылғы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған,- дейді СҚО ПД баспасөз қызметі.

Айта кеткен жөн, бұл заңбұзушылықтар үшін жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Петропавлдықтар таксистер көліктеріне қара лента тақты

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *