Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

МӘМС істе: 6 сантиметрден асатын ісік

Петропавлда көпбейінді облыстық ауруханада айыртаулық азаматтың бастағы ми ісігі алынып тасталды. Құны 4 млн. теңгені құрайтын ота МӘМС аясында жасалды.  

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ СҚОФ филиалының баспасөз қызметі әзірлеген ақпаратқа сәйкес, Петропавлда қымбат жоғары технологиялық оталар МӘМС жүйесі аясында сақтандырылған азаматтарға қолжетімді болып отыр. Бұған дәлел көпбейінді облыстық ауруханаларда жасалатын операциялар екен.

Нейрохирург Балхар Шатуев үшін мидағы ісікті алу бойынша оталар оңай іс. Осы жолы білікті маманның қолына 45 жастағы ер адам түсті. Айыртаулық азамат бастың ауруына жиі шағымданатын. Соңғы айдың ішінде амнезия белгілері де байқалды. Көзі дұрыс көрмей бастады. Мұны байқаған оның анасы дереу облыс орталығына жеткізді.

— Александр Кобзев ауруханаға түскенде сол жақ денесі жансыз болып қалды. Ол қолы мен аяғын басқара алмады. Біз оны бақылауға алып тексерістен өткізуге бел будық, — дейді Балхар Шатуев.

Науқастың салмағы 145 кг болған соң, МРТ аппаратына түсіру оны мүмкін болады. Мамандардың сөзінше, бұл заманауи қондырғы тек 120 кг-ға дейінгі салмақты көтере алады. Соңғы уақытта, дертке шалдыққан Александрдің салмағы күрт төмендеп, 120 кг-ға жетті. Нәтижесінде ауруханаға түскенде МРТ-дан өтуге мүмкіндік туды.

— МРТ-да ми ісігі анықталды. Үш күннен соң, ота жасалды. Біз 6,5-6-6 см болатын обырды алып тастадық. Операция 5 сағатқа созылды. Екі күндесін науқас аяққа нық тұра алды. Қазір өздігінен жүреді, сөйлейді, — деді Балхар Шатуев.

Науқастың өзі де денсаулығы жақсарғанына қуанып отыр. Александр бір айдан артық мазалаған бас ауруы басылғанын алға тартып, үйге оралған соң сәл тынығып, үйдегілерге шаруада көмектесуге асығып отыр.

— Менің қалаға келгенім есімде жоқ. Отадан кейін оянған соң ғана қай жерде екенімді білдім. Қазір жаңа ғана туғандай сезініп отырмын. Дәрігерлерге рахмет. Үйге бейсенбі күні шығарады. Алдымен денсаулығыма көңіл бөлемін. Кейін ақырындап, ата-анама көмектесе бастаймын. Ота МӘМС аясында жасалды. Жұмыс істеп, медициналық сақтандыруға бөлген ақшам зая кетпеді. Бұл жүйе өз тиімділігін көрсетіп жатыр, — дейді Александр Кобзев.

МӘМС жүйесінде облыс халқының 82 пайыздан астамы сақтандырылған. Олардың барлығы қажеттілік туындаған кездері жоғары технолгиялық қымбат оталар жасатуға мүмкіндіктері бар.

«Қызылжар» клубы «Тобылға» жеңілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *