Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Бейбіт Исманов — Қызылжар ауданының әкімі

Солтүстік Қазақстан облысында халық алғаш рет аудан әкімін сайлады. Саяси науқанда 3 үміткер бағын сынап, жергілікті Қызылжар аудан тұрғындарының дені Бейбіт Исмановқа дауыс берді. 

СҚО сайлау көмиссиясының ақпараты бойынша саяси науқан өткен демалыс күні өтіп, дауыс беруге құқылы 31 мыңнан астам адамның 17 815-і өз таңдауын жасады. Осылайша ең көп ұпай жинаған Бейбіт Исманов жеңіске жетті. Оның кандидатурасы үшін 11 771 адам дауыс берді.

— Бұған дейін Бейбіт Исманов Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған. Сайлау нәтижесі көрсетіп отырғандай, екінші кандидат Санат Әубәкіров — 2 549, Асқар Хабибулин — 1 671 дауысқа ие болды. 1 310 адам барлығына қарсымын деген торға белгі қойды, — делінген сайлау комиссиясының ақпаратында.

Сайлау қорытындысы бойынша Бейбіт Исманов Қызылжар ауданының әкімі болып сайланды.

СҚО мектептерінде тыйым салынған сайттар қолжетімді болған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *