Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Булаев қаласында төрт адам донерден уланды

Биыл М.Жұмабаев ауданының орталығы Булаевта дәстүрлі «Жастар» спорттық ойындары өтті. Өңір спортшыларын жинаған аламанға ағылған атлеттермен қатар, жанкүйерлердің де қарасы қалың болды. Өкінішке қарай, шарада тамақтан улану фактілері тіркелді.

СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 4 жанкүйер донер жеп уланды. Барлығы да жанкүйерлер қатарынан екен.

— Уланған төрт адамның үшеуі – бала. Олардың барлығы Булаев қаласы стадионы аумағындағы сауда орнынан донер сатып алып жеген.

М.Жұмабаев аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ақпаратына сүйенсек, тағамнан улану фактісі бойынша тергеу басталды. Барлық қажетті сынамаларды алды, қазіргі таңда жұмыс жүргізіліп жатыр.

Петропавлда Абайдың 180 жылдығы аталып өтілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *