Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да бензин талонмен сатылып жатыр

Петропавлдың кей бекеттерінде АИ-95 маркалы бензин арнайы карта және талонмен сатылып жатыр. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялы-инновациялық басқармасының мәліметінше, бұл — уақытша мәселе. Жақында өңірге сұйық отын жеткілікті деңгейде әкелініп, жағдай қалыпқа түседі.

— Қазіргі уақытта СҚО-да АИ-95 маркалы бензиннің 17 күнге жететін қоры бар. Литрінің бағасы — 262 -279 теңге. Ол Qazaq Oil, Helios және Shelf компанияларының жанар-жағармай бекеттерінде еш кедергісіз сатылып жатыр. Ал Петропавлдағы «Эталон Авто» желісінің үш бекетінде бензин тек талон және арнайы картамен ғана құйылып жатыр. Қажетті бензин жолда. Мұндай жағдай «Trassa» желісінің бекеттерінде де тіркелген. Бұл компания жеткізу туралы келісімге отырысымен-ақ мәселе шешіледі, — деді басқарма басшысы Дархан Әмрин.

Қазір өңірде АИ-92 бензинінің 11 күндік қоры бар, ол 218-225 теңге аралығында сатылып жатыр.

Дизель отынының қоры 13 күнге жетеді. Литрі — 315-323 теңгеден.

Түркияның 100 студенті Петропавлда білім алмақшы

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *