Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

МӘМС аясында 81 жастағы Петропавл тұрғынына ота жасалды

Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасында 81 жастағы ер адамға ота жасалды. Науқастың жасына қарамастан дәрігерлер МӘМС аясында тұрғынға көмекке келуге бел буды. Зейнеткер медицина мекемесіне сол жақ иығының ауыратынына және қолын көтере алмайтынына шағымданған.  

«ӘМСҚ» КеАҚ филианың ақпаратына сәйкес, қарияны дәрігерлер тексергенде және рентгенография жасағанда иық сүйегінің жоғарғы үштен бір бөлігінің сынғаны анықталды.  Алдымен пациентке сынған жеріне блокада жасалды және бекітетін Дезо таңғышы қойылыпты.

— Пациенттің жасына және тәуекелдерге қарамастан, дәрігерлер хирургиялық ем жасау шешімін қабылдады. Қарт  мұқият дайындықтан, барлық қажетті тексерулерден өтті.  Бесінші күні жалпы наркозбен операция жасалды.  Іштен фиксация жасалып, сүйек фрагменттерінің жабық репозициясы жасалды. Ота МӘМС аясында тегін жасалды »,-деп хабарлады аурухана мамандары.

Операцияны травматологтар Михаил Комаренко мен Денис  Петров Денис , анестезиолог — Виталий Соболев жасаған.  Хирургиялық операция сәтті өткен. Тамыр-неврологиялық асқанулар болған жоқ.

Бірлік пен келісімге — 30 жыл

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *