Заңсыз балық аулау фактісі анықталды
Қызылжар аудандық полиция қызметкерлері заңсыз балық аулау фактісін анықтады. Аталмыш оқиға тамыздың 20-сы күні Пеньково аулының маңында орын алады.

Полицейлер екі петропавлдық тұрғынды электр тоқты қолдану арқылы балық аулаған кезде ұстады. Бұл заңсыз әрекеттері үшін тәртіп бұзған азаматтар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабы 1-бөлімі 2-тармағына сәйкес, «Электр тоқ қолдана отырып, балық ресурстарын, басқа су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу» бойынша жазаланбақ.
Аталмыш заңбұзушылық негізінде, екі тұрғын 3000 АЕК-ке дейін айыппұл төлеуі мүмкін немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылмақ.
Полицейлер 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы да ықтимал. Сондай-ақ 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектелуі мүмкін.

